Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ІІД-ГЕ ЖАҢА БАСТЫҚ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

 

Бүгін ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты Марат Демеуов Қызылорда облысы ІІД-нің жаңа бастығын жеке құрамға таныстырды. Бұл жөнінде еліміздің ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қызылорда облысы ІІД бастығының лауазымына полиция полковнигі Қайрат Болатұлы Мұхитов тағайындалды. 
Мұхитов Қайрат Болатұлы Онтүстік-Қазақстан облысында дүниеге келген.  Ішкі істер органдарындағы қызметін 1983 жылы бастаған. 1987 жылы ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған. 
Әр жылдары жедел қызметтерде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. Соңғы лауазымы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары. Марат Демеуов жаңада тағайындалған облыстық полиция басшысына  оның кәсіби және жеке қасиеттерін атап көрсете отырып, жемісті еңбек тіледі.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: