Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«ЗЕНИТ-2» КОМАНДАСЫ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

 

«Еуразия» спорт кешенінде шағын футболдан ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері М.Өтемұратовты еске алуға арналған облыстық ашық турнир өтті. 
Биыл алғаш рет ұйымдастырылып отырған турнирге  Қызылорда, Байқоңыр қаласы мен аудандардан  27 команда  қатысты.   
Жарыс нәтижесінде қызылордалық «Зенит-2» командасы бірінші орынды иеленді. Олар финалда Жаңақорған аудынының «Сығанақ» командасын 9:2 есебімен ұтты. Үшінші  орынды қызылордалық «Азамат» командасы еншілесе, төртінші орын «Букмекер ПАБ» командасына бұйырды. 
Турнирде «Зенит-2» командасының ойыншысы Қуаныш Кемалұлы «Үздік қорғаушы»  болып танылса, «Сығанақ» командасынан Батыржан Боранбаев «Үздік қақпашы» атанды. Сондай-ақ, Максим Максимов («Букмекер ПАБ») «Үздік шабуылшы», Еркебұлан Батбанов («Азамат») «Мерген ойыншы», ал Ерлан Аптаев («Сығанақ» )  «Үздік ойыншы» номинациясын иеленді.
Жеңімпаз және  жүлдегер командаларға кубоктар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: