ҚАЛА – БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ, БАРЛЫҒЫМЫЗ ҚАЛАНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫНА ЖАУАПТЫМЫЗ!
"Қызылорда тазалығы" ЖШС тарапынан Тайманов пен Тоқтаров көшесінің тұрғындарына келісім шарт жасау жұмыстары күнделікті жүргізілуде.
Келісім шарт негізінде тұрғындар өз контейнері болмаған жағдайда көшеге тастамай, күнделікті жүретін автокөлікке салуға міндетті немесе өз меншігіне контейнер сатып алулары қажет. Серіктестіктің машинасы жинайды, бірақ одан нәтиже болмауда. Өйткені кез келген уақытта сол көшенің тұрғындары келісім шартта көрсетілген реттіліксіз қоқысты тастаудан тазалық сақталмауда.