Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ТАҢ АУЫЛЫНДА ОЗАТ ДИҚАНДАР АВТОКӨЛІК МІНДІ

ТАҢ АУЫЛЫНДА ОЗАТ ДИҚАНДАР АВТОКӨЛІК МІНДІЖалағаш ауданы Таң ауылдық округінде «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі төрағасы Имамзада Шағыртаев егін жинау науқанында мол табысқа қол жеткізген еңбек озаттарын марапаттады.
Биылғы жылы шаруашылық жұмысшылары егіс көлемін арттырып, мол өніммен аудан бойынша ауылымыздың алғашқы тұғырдан көрінуіне сүбелі үлес қосып отыр. Мерекелік шараға ауыл әкімі, ауылдың еңбек ардагерлері және шаруашылықтың барлық жұмысшы қызметкерлері қатысты. Алдымен, кырманның астыққа толуына аянбай еңбек еткен еңбеккерлер «Таң ЛТД» ЖШС төрағасының алғысына ие болып, бағалы сыйлықтар берілді.
Сонымен қатар, озат күрішшілер мен озат механизаторларға I-II-III дәрежелі дипломдар беріліп, күріш өсіруде үлкен көрсеткіште өнім алған екі азаматқа автокөліктер табысталды. Осы күні марапат иесі атанғандардың бәрі де құнды сыйлықтар алды. Марапаттау сәтінен соң мектеп оқушылары ән айтып, би билеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: