Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада қалдықтарды сұрыптау кешені мен полигонның құрылысы аяқталды

Биыл аймақтағы елді мекендердің экологиялық жағдайын және суармалы сумен қамтамасыз етілуін жақсарту мақсатында 12 каналға су шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлінді. 
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бауыржан Шәменов мәлімдеді.
« Өңірде облыстық бюджеттен 8 каналға және «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 4 каналға қаржы қаралды. Бүгінгі күні, 4 каналдың тазалау жұмыстары аяқталды, ал қалған 8 каналға жөндеу жұмыстары жүргізілуде»,-деді Бауыржан Серікұлы.
Брифингте сала басшысы  полигон құрылысына  дайын жобалалары бар екенін айтты.
«Облыста мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қалдықтарды сұрыптау кешені мен полигонның құрылысы аяқталды. Кешенде жылына 60 мың тонна қалдық сұрыпталады. Бұған қоса, облыста жыл басынан бері жинақталған 58,5 мың тонна қалдықтың 10,5 мың тоннасы өңделді»,-деді Бауыржан Серікұлы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: