Көршісінің сеніміне кіріп несиені алдап алған адам ұсталды
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне аудан тұрғыны көршісінің үстінен арыз түсірді. «Сіздің атыңыздан кредит алайын, өзім төлеп тұрамын»,- деп ұялы телефоны арқылы бірнеше банк қосымшалары арқылы 1 млн 400 мың теңге онлайн несие рәсімдеген. Алайда осы күнге дейін берген уәдесін орындамаған.
Күдікті жасаған қылмысын толық мойындады.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 4-тармағы (ақпараттық жүйеге заңсыз кіру не телекоммуникациялар желісі бойынша берілетін ақпаратты өзгерту жолымен жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.