Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

СЫР ӨҢІРІНІҢ ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНДЕ ӨСІМ БАР

СЫР ӨҢІРІНІҢ ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНДЕ ӨСІМ БАР

 

Қызылорда облысында 4 айда өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібі саласында 38,6 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 115,7 пайызға дейін артты.
Көрсеткіштің жоғарылауы индустриялық карта аясында іске қосылған жобалар мен бұрыннан жұмыс жасап келе жатқан кәсіпорындардыңшығаратын өнім көлемінің ұлғаюына байланысты болып отыр. 
Мәселен жыл басынан 10,2 млрд. теңгенің тамақ өнімдері өңделді. Атап айтсақ, 56 647 тонна күріш өңделсе, «Арал тұз» АҚ мен «Рза» АҚ-ның жобаларының арқасында йодталған тұз өндіру 14,3%-ға, өңделген сүт өндіру 94,4%-ға өсті.
Мұнай өнімдерін өңдеу саласында (бензин, солярка, мазут, сұйытылған газ) 1,6 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 116,5% құрады. Облысымызда мұнай өнімдерін өндіретін жылдық қуаттылығы 100 мың тонналық «Қызылорда аз тонналық мұнай өңдеу зауыты» ЖШС жұмыс жасауда. Кәсіпорын тарапынан қазіргі кезде мұнай өндірісі көлемінің төмендеуіне қарамастан жұмысшылар санын қысқартпай, өнім көлемін көтеру бағытында жұмыстар жасалуда. Алдағы уақытта зауыт индустриялық даму бағдарламасы аясында мұнай өңдеу көлемін жылына 500 мың тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлауда.
Химиялық өнеркәсіп өнімдері саласында 3,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Бұл сала бойынша облыс бойынша үдемелі индустриялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асқан Жаңақорған ауданындағы жылдық қуаттылығы 500 мың тонна күкірт қышқылын өндіретін «СКЗ-U» ЖШС және Қызылорда қаласындағы «Хуа Ю Интернешнл в Кызылорде» ЖШС-і тұрақты түрде жұмыс жасауда;
Резеңке және пластмасса өндірісінде 1,4 млрд. теңгенің бұйымдары шығарылған. Аймақта пластикалық есік терезе шығаратын шағын цехтар мен полиэтиленді құбырлар шығаратын «Қуат» ЖШС мен «Қазақстанның Мұнай Химиялық «Кемикал» компаниясы ЖШС жұмыс жасауда.
Металлургия өнеркәсібінің негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру («уранның закись-окись» өнімі Жаңақорған ауданында 2013 жылдан бері «Байкен-У» ЖШС-де уранды өңдеуден алынуда) саласы бойынша 
16,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. 
Машина жасау, жөндеу және орнату саласында есепті кезеңде 3,1 млрд. теңгенің қызметі атқарылды. Бұл салада негізінен «Қазалы вагон жөндеу депосы» ЖШС, «Қазалы локомотив жөндеу депосы» ЖШС, «Ремпассажирвагон» ЖШС, «Сексеуіл локомотив жөндеу депосы» ЖШС темір жол саласында қызмет көрсетуде.
Құрылыс заттарын өндіру (кірпіш, тауарлы бетон және темір-бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар) саласы бойынша 1,4 млрд. теңгенің тауары шығарылды. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 46,1%-ға артқан.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: