Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

“Атамекен” еліміздегі ең үздік сауда үйі болды

“Атамекен” еліміздегі ең үздік сауда үйі болды Ағымдағы жылдың 5-6 қараша аралығында еліміздің бас қаласы Астанада «Сауда Үздігі-2014» республикалық байқауы өткізілді.. Ведомствоаралық байқау комиссиясы қортындысы шешімімен «Ең үздік сауда үйі» номинациясы бойынша 1 орынды Қызылорда қаласының «Атамекен» сауда үйі жеңіп алды. 
«Атамекен» сауда үйі жалпы 300 орынға есептелген. Ғимарат 2012 жылда іс қосылып пайдалануға берілді Жалпы аумағы 8253,4 шаршы метр, пайдалануға жататын сауда аланының аумағы 5998,2 шаршы метр. Негізгі саудасы киім-кешек және тұрмысқа қажетті заттар. Барлық тиісті талапқа сай жасақталынған. Директоры Пірімжанов Ғани Болатұлы. 
«Сауда Үздігі» Республикалық байқауы 2002 жылдан бері Қазақстанның әрбір өңірінде кәсіпкерлерді ынталандыру және оларды қолдау мақсатында жыл-сайын өткізіліп келеді. Бұл дегеніміз мемлекетіміздің экономикасына аса зор үлесін қосып отырған өңіріміздегі сауда кәсібімен айналысушы азаматтарымыздың ерең еңбегін бағалау.
Аталған іс-шараға облысымыздан ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысып, өз үлестерін қосты. Әрине, бұл байқауды алдын-ала жан-жақты ізденіп, оның сапалы ұйымдастырылуына атсалысқан зор еңбегі үшін басқарманың сауда және лицензиялау бөлімінің басшысы Бисембаев Сұлтанбек Шыназбекұлын арнайы атап өтуге болады, – дейді Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Тельман Сүлейменов.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: