Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Атаулы әлеуметтік көмекке өтінім қабылдау басталды


Жаңа форматтағы Атаулы әлеуметтік көмекке өтінім қабылдау басталды. Қызылорда қаласы орталығында екі мекенжайда жүргізіледі.
Қалалық жұмыспен қамту орталығы орналасқан Қызылорда қаласы Қ.Қазантаев көшесі №43 ғимараттан басқа, Әйтеке би көшесі №21 мекенжайдағы азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) бөлімінің ғимаратында да жүзеге асырылады. Осы ретте, атаулы әлеуметтік көмектің шартсыз түріне үміткер отбасыларға жоғарыда аталған АХАТ бөлімінің ғимаратына барып құжат тапсыруға болады. Себебі, аталған көмектің шартсыз түрін алушы отбасыларға бос жұмыс орындары ұсынылмайды, жұмыспен қамтылуы міндетті емес болғандықтан, уақытты ұтымды пайдалану мақсатында жоғарыда көрсетілген мекенжайға өтінім тапсыруға болады.
Ал, жұмыспен қамту орталығы орналасқан ғимаратта шартты атаулы көмек алушы отбасының жұмысқа қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жолдау, бос жұмыс орындарына жолдамалар беру шаралары ұзақ уақытты талап етуіне байланысты, бұл мекенжайда мүмкіндігінше шартты атаулы әлеуметтік алушылардан өтінімдер қабылданады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: