Қазалы ауданында егістік алқаптарына орақ түсіп, ору науқаны басталды.
Алғашқы егін орағына қатысқан аудан әкімі Нажмадин Шамұратов құттықтау сөз сөйлеп, диқан қауымының ала жаз бойғы еңбегінің жемісін теретін науқанның ұйымшылдықпен өткізілетіндігіне сенім білдірді.
«Сыр Маржаны» ЖШС-нің егіс алқабында өткен семинар-кеңесте аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы А.Рыстығұл, «Қазалысушар» өдірістік учаскесінің басшысы Қ.Көләнов, серіктестік директоры М.Өтеев хабаралама жасады. Айта кетейік, ауданда күріш жинау науқаны қазан айының 5-не дейін аяқталады деп жоспарлануда.