Қызылорда қалалық білім бөліміне қарасты «Ер Тарғын» балабақшасында мектепке дейінгі ұйым мен отбасының өзара ықпалдастығын дамыту мақсатында ата-аналар арасында «Алтын Күз-2018» атты байқау өтті.
Байқауда ата-аналар 5 кезең бойынша сайысқа түсті. Таныстыру кезеңі бойынша ата-аналар өздерін таныстырып, «Алтын Күз» көрмесі кезеңі бойынша түрлі жеміс-жидектерден, көкөністерден дайындаған экибано жұмыстарын көрсетті. Қолөнер кезеңінде әр отбасы үйлерінен дайындап әкелген түрлі жұмыстарын ұсынды. Сондай-ақ, «Ақжелкен», «Балапан» топтарының отбасылары балалардың логикалық ойлауын дамытуда күз мезгіліне байланысты лепбуктар дайындаса, «Балауса», «Күншуақ», «Қуаныш», «Балдырған» топтарының отбасылары түрлі моншақтардан жасалаған бұйымдарын , «Бәйтерек» тобының отбасысы күздік картина қолөнер жұмыстарымен сайысқа түсті. Ата-аналар дефиле көрсету кезеңінде түрлі стильде күздік сән үлгісі бойынша жарысып, байқау соңында барлық топтың отбасылары түрлі тақырыпта ән айтып, көрініс қойып, музыкалық өнерлерін көрсетті.
Байқау кезеңінде ата-аналар бір-бірінен озуға тырысып, бәсекелестік танытты. Байқаудың қорытындысы бойынша «Балапан» тобының отбасылық тобы алға озып бас жүлде иеленді. Ал, «Ақжелкен» мен «Күншуақ» тобының отбасылық тобы бірінші орынды иеленсе, «Бәйтерек» пен «Балауса» тобының отбасылық тобы екінші орынды, «Балдырған» мен «Қуаныш» тобының отбасылық тобы үшінші орынды иеленіп алғыс хаттармен марапатталды.