Республика судьяларының VI съезінде Президент Н.Назарбаев «әділ сот төрелігінің халықтың барлық қабаттары үшін қолжетімді болуын қамтамасыз етуді», бұл істе электронды ресурстарды кеңінен пайдалануды тапсырған болатын.
Облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшін сот жүйесіне қолжетімділікті арттыру және оңтайландыру мақсатында сотқа келуші тараптарға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сайты www.sud.gov.kz сервисі арқылы сотқа шақыру қағаздарының электрондық нұсқасын басып шығару, телефонға жүктеп алу мүмкіндері беріліп отыр.
Аталған қызметтерді сотқа келуші тараптар, жеке және заңды тұлғалар, қорғаушылар пайдалана алады.
Ұялы телефонға келген құпия сандарды www.sud.gov.kz сервисінде көрсетілген ұяшыққа енгізе отырып, сотқа шақыру қағазын PDF форматындағы үлгіде телефонына сақтап немесе компьютердің принтері арқылы шығарып ала алады. Бұл сотқа жүгінуші азаматтарға жасалынып отырған тиімді шара.