С.Сейфуллин атындағы №165 мектептегі алғашқы қоңырау мерекесіне аудан әкімі Нажмадин Шамұратов қатысты.
Жиында сөз алған аудан басшысы жиналғандарды мерекелерімен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Өткен жылы аталған білім ордасының жақсы көрсеткіштерге қол жеткізгенін сөз етті.
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер баршаға айнала қоңырау үнін естіртіп, жаңа оқу жылының басталғанын ұғындырды. Жиында мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салды.
Айта кетейік, биыл аудан бойынша бірінші сынып табалдырығын 1573 бала аттады. Ал аталған мектептің бірінші сыныбына 80 бала қабылданды. Жаңа оқу жылы барлық мектепте «Мәңгілік ел» патриоттық актісі шеңберінде «Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбындағы ерлік сағаттарымен басталды.