Қазалы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 8 наурыз –Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мектеп оқушылары арасында «Мерген ару – 2015» аудандық жарысы өткізілді. Жарыс оқушыларды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу, пневматикалық мылтықтан оқ ату әдісін дамыту, шеберліктерін шыңдау, аудан құрама командасын жасақтау мақсатында өткізіліп отыр.
Пневматикалық мылтықтан ату және АК-74 қаруын толық емес бөлшектеу және жинақтау бойынша өткізілген жарысқа аудан мектептерінен 28 команда қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Жарыстың қорытындысымен пневматикалық мылтық атудан жүлделі І орынды №88мектеп командасы, ІІ орынды №91 мектеп командасы,
ІІІ орынды №94, №98 мектеп командалары иемденді. АК-74 қаруын толық емес бөлшектеу және жинақтаудан №16 мектеп оқушысы Изим Мария І орын, №97 мектеп оқушысы Миха Жанна ІІ орын, №88 мектеп оқушысы Алпамыс Гүлзат ІІІ орын алды.
Мергендігімен көзге түскен №88 мектеп оқушысы Ағайдар Асылзат,№102 мектеп оқушысы Жаңаберген Ханым, №17 мектеп оқушысы Шарападин Назерке «Мерген» бағамымен, жақсы дайындықпен келген №№17,78,102,103 мектеп командаларыалғыс хатпен марапатталды.
Жарыс қорытындысымен жүлделі орын иемденген командалар мен жекелеген оқушылар аудандық білім бөлімінің, Қазалы аудандық «Отан» қоғамдық бірлестік кеңесінің мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Алдағы күндері жарыс жүлдегерлерінен жасақталған аудан құрама командасы облыстық «Мерген ару-2015» жарысына қатысуға дайындық жүргізуде.