Елбасы ведомствалық бағынысты мекемелерді оңтайландыру бағытында кәсіпорындар мен мекемелерді біріктіріп, бюджетті үнемдеу және олардың жұмысын жүйелендіру жөнінде тапсырма берген болатын. Осыған сәйкес, қала әкімдігінің ағымдағы жылғы 6 маусымдағы №11226 қаулысы негізінде «Қызылорда тазалығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Қазақстан Республикасының бірінші Президенті атындағы паркі» және «Тұрғын үй Қызылорда» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері біріктіріліп, бір мекеме болып қайта құрылды. Бұл мекемелердің негізгі атқаратын қызметтері бір болғандықтан біріктіру арқылы қала бюджеті 80 млн. теңгеге дейін үнемделеді және серіктестіктің жұмысын одан әрі жандандырып, қуаттылығын арттыруға мүмкіндік туады. Осы ретте, аталған мекеменің басшылық лауазымына осы салада тәжірибесі мол Құлмағанбетов Талғат Бекмырзаұлы тағайындалды. Талғат Бекмырзаұлы Еңбек жолын 2006 жылы «Көркейту» МКК инженер ретінде бастап, 2014 жылға дейін «Тұрғын үй Қызылорда», «Қызылорда тазалығы» мекемелерінде түрлі жауапты қызметтерді атқарды. Оның ішінде, 2014-2017 жылдары «Қызылорда тазалығы» ЖШС директоры болды. 2017 жылдан осы кезге дейін қалалық коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.