Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада кәсіпкерлік субъектілерінің саны артты

Биыл өңірде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 29,5 пайызға ұлғайды. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандар саны – 66 054 бірлікке жетті. Сондай-ақ, өндірілген өнім көлемі 120,6 пайызға ұлғайса,  жұмыспен қамтылған адамдар саны 6,4 пайызға өсті.


Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов хабарлады.
Жыл басынан бері өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 8,5 пайызға артты. Осыған сәйкес, ірі кәсіпорындардың өнім көлемін одан әрі ұлғайту және жаңа жобаларды іске қосу бойынша оң динамика қалыптасты. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібін белсенді дамытуға серпін беретін қуаттылығы 197,1 мың тонна құрайтын шыны зауыты іске қосылып, өз өнімін нарыққа шығаруда. Бүгінде 17 мың тоннаға жуық шыны өндіріліп, Астана, Алматы, Шымкент қалаларына жіберілді. Жалпы алғанда, зауыттың 70 пайыз өнімі ішкі нарыққа, қалған 30 пайызы экспортқа бағытталған. Алдағы уақытта шыны зауыты жанынан 8 ілеспе кәсіпорын құру жоспарлануда. Сонымен қатар биыл құны 4 млрд.теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылды. Олар балық өңдеу, күріш өңдеу, балық ұнын өндіру цехы және құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын өндіріс. Жалпы биылғы жылдың 10 айында шикізаттық емес экспорт көлемі 47, 6 пайызға артты, - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: