Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді1 қазан – Қарттар күнінде аудан әкімі Нажмадин Шәкизадаұлы барлық ардагерге сый-құрмет көрсетті.
Әсіресе, бұл күні аудан басшысының құрметіне бөленген қариялардың жүзінен қуаныш пен ризашылықтың лебі байқалды. Себебі, қарттар қайта-қайта өз тараптарынан аудан басшысына өздеріне көрсеткен құрметі мен сый-сияпаты үшін ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтып, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.
Ардагерлерден құралған «Атамұра» ансамблі өнер көрсетіп, жиналған қауымды ән мен күйдің әуеніне бөледі. Бұл ретте аудан басшысы аталмыш ансамбльге ерекше алғысын айтып, өнер ұжымын одан әрі қолдайтындығын жеткізді.
Айта кетейік, бүгінгі таңда ауданымызда 6 мыңнан астам ардагер бар. Аудан ардагерлерінің денсаулығын түзеу, оларға жағдай жасау мақсатында аудандық аурухана мен теміржол ауруханасында арнайы ардагерлер бөлмесі ашылған.
Жыл сайын қарттарға Сарыағаш, Жаңақорған, Мерке, Көкшетау қалаларындағы шипажайларға демалуға тегін жолдама беріліп келеді. Және Қазалы қаласындағы «Шағала» тынығу лагерінде демалуға да мүмкіндік жасалған. Алдағы уақытта да мұндай игі істер жалғасын таба беретін болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: