Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ИНЖЕНЕРЛІК- КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ДАМЫТЫЛДЫ


Қызылорда қаласының инженерлік- коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бағытында орайлы істер атқарылды. Мұндай көріністер соңғы бес жылда қала өмірінде жиі байқалып келеді.
Мәселен, 2013 жылы қаланың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға республикалық бюджеттен 1315,0 млн. теңге бөлінді. Оған 18,7 шақырым болатын электр желісі, жылу жүйесі, ілеспе газ жүйесі, 2 дана ШРП, ауыз су жүйесі, кәріз су жүйесі, аяқсу желісі,жылу қазандығы 15 Гкал/сағ (АБМК) құрылысы салындыү Сондай-ақ, 4 тұрғын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы инженерлік жүйелеріне аббаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Ал 2014 жылы қаланың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға республикалық бюджеттен 1076,4 млн. теңге және жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруға 75,3 млн. теңге бөлінді. Оған ауыз су жүйесі, тас жол салу бойынша қайта жаңғырту шаралары қолға алынды. Сонымен қатар, 1503 су есептегіш құралдары орнатылды. Сонымен қатар Арай-2 мөлтек ауданының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жүргізілді.
2015 жыл қаланың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және жайластыру мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттен барлығы 3136,8 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға Шанхай аумағында тас жол салу, Жаңа жол ауданын сумен қамтамасыз ету, Арай және Арай-2 мөлтек аудандарына, Ипподром ауданына, СПМК-70 тұрғын ауданында, Шүкіров көшесіне, Жаппасбай батыр көшесіне тұрғын кварталдарын салу және Арай мөлтек ауданындағы тұрғын кварталына сағатына 15 Гкал қуаттылығымен бу қазандығын салу жұмыстары атқарылды. Оған қоса Қызылорда қаласындағы балалар ауылы құрылысының сыртқы инженерлік желілері, «Сәулет» мөлтек ауданының сыртқы инженерлік-инфрақұрылымы мен абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
2016 жылы қаланың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және немесе жайластыру мақсатында Ұлттық қордан, арнайы үкімет резервінен республикалық және жергілікті бюджеттен барлығы 15 117,7 млн.теңге бөлініп, 980 га инженерлік желілер құрылысы ПС 35/10, сыртқы электрмен жабдықтау қондырғысымен электр желісінің құрылыс жұмыстары, жер телімінің сыртқы ауыз сумен жабдықтау желілерінің құрылысы, 325 га жер теліміне сыртқы газбен жабдықтау және сыртқы ауыз сумен жабдықтау жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар Жаппасбай батыр, Сұлтан Бейбарыс көшелеріндегі тұрғын үйлерінің, Титов, Әл-Фараби, КБИ, Гагарин, Саяхат, Сәулет, СПМК-70 тұрғын аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы жүргізілді. Шанхай ауданына 3,7 шақырым болатын тас жол, және Жаңа ауыл ауданын 3,6 шақырым ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары, Қызылорда қаласы Жезқазған автожолы бойындағы 325 га жер теліміне 14,0 шақырым тасты жол, 655 га жер теліміне 60,8 шақырым тасты жол, және сыртқы газбен жабдықтауға 71,8 шақырым желілері жүргізілді. Жаппасбай батыр көшесіндегі, Шұғыла мөлтек ауданындағы тұрғын үйлердің кварталын салу және Сәулет мөлтек ауданындағы тұрғын үйлерге алаңішілік желілерінжүргізу және абаттандыру жұмыстары, Жаппасбай батыр көшесіндегі №2 тұрғын үй кварталын салу және сыртқы инженерлік желілері жүргізілді. Арай-2 ауданындағы қуаттылығы 15 Гкал/сағатына бу қазандығын кеңейту және Арай – 3 тұрғын кварталының құрылыс жобасымен сыртқы инженерлік желілеріне, СПМК- 70, СПМК-70-2 тұрғын аудандарындағы құрылыс жобасымен сыртқы инженерлік желілері жүргізілді.
2017 жылы қаланың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру мақсатында республикалық, облыстық және қалалық бюджеттерінен барлығы 3 376,0 млн. теңге бөлінді. Оған Жезқазған трассасының бойындағы 980 га жер телімінің инженерлік желілер құрылысы 9,2 шақырым сыртқы кәріз су желілері жүргізілді. Демесінов көшесіндегі тұрғын үй кварталының сыртқы инженерлік желілері 6,6 шақырым аула аралық көркейту, ауыз және кәріз су, жылу жүйесі, газбен қамту және телефон желісі, электр желісі құрылысының жұмыстары жүргізілді. Сырдария өзенінің сол жақ жағалауының салу жобасымен сыртқы инженерлік желілері ауыз су және кәріз желілері, Арай су тартқышынан «Арай-2» мөлтек ауданына дейін ауыстыру камерасын орнатумен су жинағыш құрылыс жұмыстары жүргізілді. М. Исаев көшесінің бойымен Астана даңғылының Сәулет көшесіне дейінгі қуаты 0,4 кв электр желісінің құрылысы, Ипподром аумағындағы қазандықтан (АБМК) басталатын жылумен жабдықтау жүйесінің құрылысы жүргізіліп пайдалануға берілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: