Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Елімізде жылымық қайтадан аяздармен алмасады.

Елімізде жылымық қайтадан аяздармен алмасады. "Қазгидромет" 2015 жылғы 12-14 ақпанға арналған ауа-райы болжамды жариялады. 
Еуропалық Ресей мен Батыс Сібірдің солтүстік аумағы бойынша жылжып келе жатқан атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның солтүстік облыстарында да қар, боран, 15-25 м/с батыс желін шақырады. Республиканың оңтүстік және шығыс аудандарындағы ауа-райына Жерорта теңізінде қалыптасқан циклонның әсері ықпал етуде, онымен жауын-шашын, жаңбыр, сулы қар, көктайғақ келеді, ал шығыста қар және күндізгі температура 0-5º жылы болады. Циклонның орнына қатты жылдамдықпен антициклон келеді, сондықтан жылымық қайтадан аяздармен алмасады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: