Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалыда айт мерекесі ұлттық нақышта өткізілді

Қазалыда айт мерекесі ұлттық нақышта өткізілдіҚазалы қаласында өткен айт намазына аудан әкімі Нажмадин Шамұратов отбасымен қатысып, мұсылман жұртшылығын Құрбан айттың келуімен құттықтады.
«Биыл Қазақ хандығының 550 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен орайлас келген мүбәрак мерекенің орны бөлек. Себебі, Құрбан айт мерекесінің астарында елдік бірлік пен ынтымақты көздейтін үлкен мән-мағына жатыр» - деді аудан басшысы.
Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Бекбанов та жиналғандарды мерекемен құттықтады. Айт намазы оқылғаннан соң, аудан әкімі бастаған топ құрбан шалу рәсімін жасады. Құрбандық еті аймақтағы тұрмысы төмен отбасыларына үлестірілді.
Аудан басшысы бұдан өзге Әйтеке би кентіндегі «Жанқожа батыр», «Қожаназар Ишан», «Әли Муса» мешіттеріне де барып, халықты ұлық мерекемен құттықтады.
Атаулы мереке мешітке жиналған халықтың ықылас-ниетімен шырайлана түсті. Мешіттер алдында қазақ күресі, қол күресі, гір көтеру, арқан тартыс сынды ұлттық ойындар ойналып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Ниет етіп келген халық мешіттерде жайылған дастарханнан дəм татып қайтты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: