Ауыл жастарының құқықтық сауаттылығын арттыру, мектеп бітіруші түлектер арасында мамандық таңдауда жаңа жол сілтеу мақсатында Жалағаш ауданындағы Ақсу ауылдық округінде кездесу ұйымдастырылды. Онда "Мәңгілік ел жастары - индустрияға" жобасы мен "Серпін - 2050" бағдарламасын кеңінен насихатталып, жастар арасында кәсіпкерлік негіздерін түсіндірілді.
"Жастар ресурстық орталығы" КММ Жалағаш аудандық бөлімі басшысы Е.Бақбергенұлы құқықтық сауаттылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу туралы, жастарды жат ағымдардан сақтандыру, "Серпін-2050" бағдарламасы туралы толыққанды ақпарат беріп өтті. "Кәсіпкерлер палатасы" Жалағаш аудандық филиалының кеңесшісі Б.Ержанов жастар арасындағы кәсіпкерлік, оның негіздері мен жолдары, қарастырылған жеңілдіктер мен несиелер туралы түсіндірді. Кездесуге мұғалімдер, ата-ана, мектеп бітіруші түлектер және "Жасыл ел" еңбек жасағы сарбаздары қатысты және ойылған сұрақтар бойынша толық жауап берілді.