Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«АЛТЫН САПАҒА» ҚАТЫСУШЫЛАР ІРІКТЕЛЕДІ

«АЛТЫН САПАҒА» ҚАТЫСУШЫЛАР ІРІКТЕЛЕДІ

 

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы мен республикалық «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатысушылар үшін оқыту семинарының өткізілетіндігін хабарлайды.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, семинар 2016 жылғы 15 маусым сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 28 мекен-жайдағы Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатсының ғимаратында өткізіледі. 
Шара барысында байқаудың өткізілу тәртібі мен ережелері, сондай-ақ мекеменің қызметіне баға беру әдісі түсіндірілмек. Осы ретте, семинар жұмысына барлық ниет білдіруші шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерін қатысуға шақырамыз.
Семинардың Қазақстан бойынша өткізілу кестесі www.altynsapa.kz сайтында орналастырылған. 
Шараға қатысты туындаған сұрақтар бойынша Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Жобаларды сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы Гүлдана Таңатоваға хабарласуға болады, тел.: 40-09-81 (вн.4311,4312), e-mail: g.tanatova@palata.kz.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: