Кезекші халыққа қызмет көрсету орталығы жұмысын қайта бастады
Елдегі шектеу шараларының жойылуына және эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы кезекшіХҚО-лардың жұмысын қайта жандандыру туралы шешім қабылдады.
Осыған орай Қызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі №2е мекен-жайында орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығының №1 бөлімі жұмыс күндері таңертең сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Басқа бөлімдер жұмысын әдеттегі кесте бойынша дүйсенбі мен жұмааралығында сағат 9:00-ден 18: 00-ге дейін жалғастырады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Қызылорда облысы бойынша филиалының PR-қызметі