Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жаңақорғандық азаматша ағасына бүйрегін берді

Жаңақорғандық азаматша ағасына бүйрегін бердіҚазіргі таңда елдің арасында бүйрек ауруынан қиындық көріп жатқан азаматтар аз емес. Кейде оларға донор табу да қиынға түсіп жатады. 
Осындайда бірге туған жандар қол ұшын созып жатады. Солардың бірі – Жаңақорған ауданындағы №163 орта мектептің лаборанты Құрбанкүл Башарова. Оның 1965 жылғы ағасы Әлібек Қалилаұлы бүйрек ауруынан қиындық көріп жүрген еді. Оны алмастыру қажеттілігі туындады. Сондай сәтте қасынан қарындасы Құрбанкүл табыла кетті. 
Еліміздің бас қаласы – Астанада ота жасалды. Қазіргі күні Құрбанкүл де, Әлібек те өз отбасыла- рына оралды. Денсаулықтары жақсы.
"Адам бұл фәни жалғанда бір-біріне қонақ. Саналы кісіге жақсылық жасау жарасымды. Мұсылман шарты да солай дейді. Оған АллаҺ өз нұрын төгеді. Мен үшін Әлібектің отбасы қуанышқа бөленгені бағалы" дейді Құрбанкүл.
Бұл біздің облысымызда алғаш рет кездесіп отырған оқиға емес. 2009 жылы Жалағаш ауданының тұрғыны Гүлжанат Атырауова туған інісі – Уәлиханға бүйрегін беріп, оның денсаулығының жақсаруына қол ұшын созған еді. Сондай-ақ, былтыр 29 жасар қала тұрғыны Ердәулет Бозғұловқа туған қарындасы Жаңагүл Бозғұлова донор болып, бір бүйрегін берді.
Бұл отбасылар осындай ізгілікті қадамға барып отырған жандардың бірі ғана. Қазір мұндай игі іске барған азамттар көптеп саналады.  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: