Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Биыл облыста 28  гектар орманды алқап өртенді

Биыл облыста 7 өрт оқиғасы тіркеліп,  28  гектарды құрайтын орманды алқап өртенді.  Орын алған жағдайдын үшеуі Жалағаш ауданында тіркелді. Қазіргі таңда нақты тексеріс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы келтірілген шығын көлемі – 55,5 мың теңгені құрады.


Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бауыржан Шаменов хабарлады.
-Орын алған жағдайларға байланысты ішкі істер органдарына тиісті құжаттар жолданды. Өрт болған жердің 22 гектары орманды, 5,1 гектары ормансыз алқаптар екені анықталды. Дала өртінің алдын алу және болдырмау мақсатында 9 дана өрт сөндіру көлігі мен 53 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады, - деді басқарма басшысы Бауыржан Шаменов.
Өңірде өрт қауіптілігі аса жоғары 51 754 гектар орманды алқап бар. Бұл Сырдария өзені жағалауындағы тоғайлық жерлер болып табылады.
- Биыл облыс бойынша дала өртінің алдын алуға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Орман өртінің негізгі себебі – найзағайдан, күннің күрт ысуынан, темекі тұқылын сөндірмеуінен орын алады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы құрылымдарының көктемгі егіске дайындық барысында өрт жайылып кетуі мүмкін, - деді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Айбек Жолақанов.
-Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері орманды алқаптарда болатын өрт оқиғаларына жіті бақылау жүргізеді. Осы жылы болған 7 өрттің біреуі мемлекеттік өрт сөндіру қызметі арқылы сөндірілсе, қалғаны орман шаруашылығының құралдары арқылы жойылды, - деді Облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Бақтияр Тұрманов.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: