Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫҚызылордалық  нұротандықтар  Ыбырай Алтынсаринның  175 жылдығына орай Ұлы  ұстаздың есімін иеленген №10 мектеп-лицейі ұжымымен кездесті.
Ы. Алтынсаринның  туылғанына 175 жыл, Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен мектеп-лицейінің 55 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған тағылымды шараның негізгі мақсаты: Ұлы ұстаздың есімін ұлықтау,  аталмыш білім ордасының тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктерін  насихаттау.
Іс-шараны   нұротандықтар алдымен Ыбырай Алтынсаринның ескерткішіне гүл шоғын қоюдан бастады.  Мектептің 10 сынып оқушысы Бекзат Сыздық балалар әдебиетінің атасы Ы.Алтынсаринның 175 жылдығына арнау оқыды.
Кездесу барысында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбарасы Ибадулла Құттықожаев мектеп ұжымын айтулы мерекемен құттықтап, мектеп ұжымы мен партияның болашақ ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесінің зор екенін айтты. Сондай-ақ ол  партияның Сайлауалды тұғырнамасында көзделген білім саласын әлемдік стандарттарға жеткізу бағытында бірігіп жұмыс жасайтындықтарын  жеткізді.
Шара барысында нұротандықтар Ы.Алтынсаринның мұралары жайлы дайындалған көрмені тамашалады.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Фатима Қарқынбаева партия өкілдеріне 55 жылдық тарихы бар  ұжымының тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктерін баяндады.Ол өз сөзінде   мектеп-лицейі  білім беру сапасы бойынша  алдынғы орында. Өткен жылы мектепті 47 оқушы бітіріп, 2 оқушы «Алтын белгі»  иегері атанды.  Биылғы оқу жылында 6 оқушыдан үміт күтіп отырғандығын атап өті.
Шара соңында облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев  іс-шараның жоғары деңгейде өткенін атап, білім ордасының үздік ұстаздарын  алғыс хаттарымен марапаттады.  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: