Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖЫЛЫЖАЙЛАР КЕШЕНІ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ


Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының қаржысына Қызылорда қаласының «Қараторғай-1» өңірінен салынған 120 дана жылыжайлар кешенінде болды.
«Натишаева» ЖК-ның бастамасымен осы аумақтан 2017 жылы 50 данасы және үстіміздегі жылы 70 данасы іске қосылған жылыжайда көкөністің қызанақ, қияр, ас көгі мен көк жуа дақылдары өсірілуде. Бұл жылыжайларды кәсіпкер 2026 жылға дейін лизингке алған.
Қала әкімі Н.Нәлібаев жұмыс соңында Ақсуат ауылдық округінде орналасқан «Самұрық құс» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты.
Бұл шаруашылық өз кәсібін дөңгелету үшін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан жеңілдетілген негізде 28 млн. теңге несие алып және өз қаражаты есебінен 75 млн теңге қаражат жұмсаған.
Қазіргі таңда, 20 мың құс ұстайтын екі ангар құрылысын салып, ол жерге 13 мың құс орналастырған.
Өз өнімдерін нарыққа шығару үшін «Сапсан гарант» ЖШС-мен келісім шартқа отырып, күніне 7-8 мың дана жұмыртқаны қала халқына ұсынуда.
Қазіргі таңда құс фермасына 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, алдағы уақытта қосымша 10-15 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: