Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Медицина саласы ардагерлері ардақталды

Медицина саласы ардагерлері ардақталдыАрал аудандық орталық аурухана базасында медицина саласына үлес қосқан ардагерлер ардақталды. 
Шежіре шиырын жанына сақтап, көненің келбетін көрген қарияларды бас дәрігер Ршымбетов Марат, туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Арғынбай Асанбаевтар құттықтап, аға буынның аман-есен жүріп, жас ұрпақ тәрбиесіне үлес қоса берулеріне тілектестігін білдірді. Ақ халатты абзал ардагерлерді аудандық мәдениет орталығының өнерпаздары ән-жырға бөлеп, құттықтауларын арнады. Қарттарға кәсіподақ комитетінің атынан сыйлықтар тарту етілді. Көрсетілген құрметке көңілі толған қариялар шын пейілден ризалықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: