Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДА ЕРТЕ ЕГІЛЕТІН ДАҚЫЛДАР ЕГУ ЖҰМЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

 

Биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарынан барлығы 17 620 гектарға орналастыру межеленген болса, солардың ішінде ерте егілетін дақылдар егу жұмысы толық аяқталды. 
Атап айтқанда, жаңа жоңышқа 2510 га (меже 100 %), жаздық бидай 450 га (меже 100 %) және мақсары 100 га (меже 200 %) орындалды. Сондай-ақ, 4138 га ескі жоңышқа тырмаланып, суғарылып, күтімге алынуда.
Ал күріш егуге байланысты 5635 га (85 %) дән себіліп, оның 4498 га (67,8 %) суға бастырылды. Күріш егу жұмысы 25 мамырда, ал суға бастыру 30 мамырға дейін аяқтау жоспарлануда. Бұдан басқа, жеке секторда бүгінгі күнге 75 га картоп, 255 га көкөніс және 425 га бақша егілген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: