Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛӨЗЕКТЕ БЫЛТЫР 10 ОҚУШЫ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТҚА ИЕ БОЛДЫ

ҚЫЗЫЛӨЗЕКТЕ БЫЛТЫР 10 ОҚУШЫ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТҚА ИЕ БОЛДЫБүгін, 4 ақпанда түске дейін Қызылорда қаласына қарасты Қызылөзек ауылдық округінде әкімдердің есеп беру шарасы өтті. Оған Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты.
Жақында ғана аталмыш округ әкімі қызметіне келген Жасұлан Шынтасов өткен жылы атқарылған жұмыстар барысын саралап берді. Ауылдық округ құрамында Қараөзек, Айнакөл ауылдары мен Қараөзек бекеттері бар. Онда 630 отбасы, 3535 адам тұрады. Былтыр №39 мектеп оқушысы «Алтын белгі» иегері атанды. Оған қоса 10 түлек мемлекеттік грантпен жоғары оқу орнына қабылданды. Тұрғындар негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Округте 1 ауыл шаруашылығы кооперативі мен 31 шаруа қожалығы бар. Жылдан-жылға кәсіпкерлік саласы да өрістеп келеді. Былтырдың өзінде 5 жеке кәсіпкер мен 1 шаруа қожалығы жұмысын бастады. Елді мекенде жұмысрен қамту ісі де жолға қойылып келеді. Сондай-ақ, көркейту-көгалдандыру бағытында игілікті істер қолға алынған. Салық былтыр 138 пайызға орындалды.
Есеп беру шарасында учаскелік полиция инспекторы Батыр Жақыпбеков те былтыр жасалған жұмыстар барысын саралады.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: