Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ» ФОРУМЫ ӨТТІ

«ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ» ФОРУМЫ ӨТТІ

 

Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі және "Медиа Жұлдыз" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай "Тәуелсіздік және Елбасы" тақырыбында форум өтті.
Қазақстанның жаңа Тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы, әлемдік аренада өзіндік орны бар, қарышты дамып отырған еліміздің сыртқы-ішкі саясаттағы жетістіктері Қазақстанның Тұңғыш Президентімен тікелей байланысты. Яғни, форумға қатысушылар Ел мен Елбасы егіз ұғым деген қағиданың түпкі мақсатын айқындап берді.
ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі және қоғаммен байланыс бөлімнің меңгерушісі Берік Уәли, «Астана» халықаралық қаржы орталығының директоры Саясат Нұрбек, Халықаралық журналист Қанат Әуесбай Тәуелсіз жылдарында Сыр өңірінде атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға беріп, Елбасы бастамасымен атқарылған шараларды саралап берді. Форумға қатысқан жастар Елі қалаған Елбасының епті істеріне тағы бір қанығып қайтты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: