Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

КЕШЕ, БҮГІН ҺƏМ БОЛАШАҚ

КЕШЕ, БҮГІН ҺƏМ БОЛАШАҚ

 

Қазір көкелеріміз "біздің бармаған жеріміз қалмады. Анау ресторанда, мынау кафеде болғанбыз" деп бөсетіні рас. Жə, кім не көрсе де келешегіне өшпес із қалдырса дейміз. Ал көрегенді əкелеріміз "жастығыңда желіп жүріп жер таны" деді емес пе. Бұл əр қаланың кафе-барларын жағала деген сөз емес, бай тарихыңды түгендеп, олармен таныс, біл, көр, оқы дегенге саяды. Айтпағым мынау. Өткенде Медиа Жұлдыз қоғамдық қорының бастамасымен облысымыздың оңтүстігіне сапар шектік. Шындығын айту қажет, бұл бір сəтті сапар болды. Неге дейсіз бе? (Ендеше ерінбей оқып шығыңыз). 
 
Сыр мол Сығанақ
 

КЕШЕ, БҮГІН ҺƏМ БОЛАШАҚ

 

Ат көлікті сайлап ап жолға жолға шықтық. Емен жарқын əңгіме. Кіл жастар. Шамамен 2 сағаттан соң жүргізуші сол жаққа бұрылды. Іштей "бұ не, қай маң болды" деген сұрақ туындады. Сөйтсем, кезінде 4 империяға астана болған Сығанақ қаласы. Бізді сол маңдағы мамандар мен шырақшы күтіп алды. Сөз жоқ тұнып тұрған тарихи орын. Бүгінде бұл жер зерттелу үстінде. Қалашықтың біраз бөлігі аршылыпты. Кəдімгі ашық аспан астындағы мұражай. Молдекеңнің айтуынша, мұнда медресселер, мешіттер, білім үйлері болғанға ұқсайды. Тіпті, монеталар, қыш құмыралар, т.б. құнды жəдігерлер табылыпты. Олардың барлығы мемлекет меншігіне өткен. Бір сөзбен айтқанда, қала қорғауға алынған. Жоспар бойынша əр аялдамаға белгіленген уақыт бар. Бабаларымызға құран бағыштап, естелік суретке түстік те амалсыз құпиясы мен сыры мол Сығанақ қаласынан келесі нысанға жолға шықтық. Жол үстінде іштей ризамын. Тақтайдай тегіс жол. Əрлі-берлі ағылған көлік. "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" авто жолының салынуы тірішілігі тұрақтаған ауылдарға дем бергені сөзсіз. Жаңадан ашылған қонақүйлер, техника жөндеу орталықтары, асханалар желісі ашылып бизнесін дөңгелетіп отырғандар жетерлік. 
 
Шалқия шаттығы келіскелі тұр

 

КЕШЕ, БҮГІН ҺƏМ БОЛАШАҚ

 

Екінші нысан аудан орталығынан 15-20 шақырым жердегі Шалқия кен орны. Кеңес өкіметі тұсында аталмыш кеніште табиғи шикізат қоры кеңінен өндіріліпті. Тоқырау жылдары Шалқияның шаттығы көзден бұлбұл ұшты. Арада ширек ғасыр өткен соң кенішті қайта игеру қолға алынып отыр. Мамандардың айтуынша, болашақта мұнда 1500-нан аса қызметкер жұмыс жасайды. Оларға барлық жағдай жасалған. Тіпті, футбол алаңы, теннис алаңы, бассейін, жатақхана жалпы алғанда еңбек етемін деген жан елеусіз қалмайды. Сақтық шаралары да бір жолға қойылған. Бір қуантарлығы облыс əкімінің тікелей қолдауымен жергілікті жастар шетелге оқуға аттанған-ды. Енді солар маман боп келіп, елі үшін еңбек етпек. Нақты іс, жоспар, жүйе бар ма, бар. 
 
Жаңақорғандық жастар
 
Одан соң аудан орталығына бет бұрдық. Шаршайтын түріміз жоқ. Себебі тек естіп жүрген маңызды нысандарды көзбен көріп келеміз. Сондықтан дегбірім қашты деп айтуға болмады. Əйгілі "Жаңақорған шипажайына" ат басын тіредік. Тап таза ауа. Тынығып денсаулығын түземекке келген адамдарда есеп жоқ. Барлығы да Жаңақорғанның батпағына аунап, арқа-жарқа. Өйтпегенде ше? Бағасы да қалтаға қонымды, дертіне қарай диагноз қойып, соған сəйкес ем жүргізеді. Шындығын айтайық, аялдайтын уақыт аз болды. 
Жаңақорғанда кəсіп бастауға құлшыныс танытып отырған жастар бар. Мəселен Өркен есімді жап жас жігіт кəдімгі құрылысқа қажетті бұйымдарды жасайды. Бұл бизнесті бастауға мемлекет тарапына қолдау көрсетілген. Қазір 3 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Аяғыңыз тоңбасын десеңіз Жаңақорғанға жол тартыңыз. Өкінбейсіз. 7000 мың теңге тəп-тəуір сапалы етік сатып аласыз. Отандық өнім. "Қаратау" деген атпен нарыққа шығып жатыр. Сөз жоқ қуандық. Кəсіпкерлердің көпшілігі жастар. 
 
Шиелідегі шағын шұбат цехі
 
Кешкілік Шиелідегі Нартай ауылына келдік. Ақын Нартайдаң атына берілген ауылда шұбат цехі жұмыс жасайды екен. Күніне 400 литр шұбатты өңдеп арысын Ақтөбеге, қалғанын облыс орталығы мен аудандарға жөнелтеді. Қою табиғи таза өнім. Еш қоспасы жоқ. Дəмін таттық. Керемет енді. Сіміріп,сіміріп бір тойып қалдық. Рас ауыл аймақтарда мұндай өндіріс орындары көптеп ашылуда. Оның барлығы облыс экономикасына орасан зор көмек. Даму, өсу, жетілу. Кешегі күн мен бүгін күн мүлде басқа. Бұлай болашаққа қарыштап қадам бассақ қазақияны бүкіл ғалам құрмет тұтады.
 
Р.S. Желіп жүріп жер таныдық. Жеке өз басым бір өңірдегі титтейде болса татымды тірліктің куəсі болдым. Бұл болашағыма қалдырар өсиетімнің бірі боп қала бермек. (уақыт бөліп оқып шыққандарыңыз үшін рахмет)
 

Қозы Көрпеш ЖАСАРАЛҰЛЫ.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: