Бүгін облыстық ішкі саясат басқармасы жəне "Медиа Жұлдыз" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен "Əлеуметтік желі жəне ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану" тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Шара барысында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі Берік Уәли "Ақпараттық жəне SMM жұмыстардың заманауи технологияларын мемлекеттік қызметте пайдалану" тақырыбында келелі кеңестер айтты. Сонымен қатар белгілі блогер Ерлан Мұсаев та өз тəжірибесімен бөлісіп, "Əлеуметтік желі жəне блог тұғырларды тиімді пайдалану" тақырыбында дəріс оқыды. Негізгі мақсат- өңірдегі блогерлердің белсенділігін жоғарылату, əлеуметтік желінің артықшылықтарын мемлекеттік қызметте ұтымды қолдануды игеру. Бұған аудандық баспасөз хатшылары, блогерлер, журналистер, үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты.