Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ – 21 МЛРД. 600 МЛН. ТЕҢГЕ

ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ – 21 МЛРД. 600 МЛН. ТЕҢГЕ

 

«Нұрлы жол» экономикалық саясатының арқасында бірқатар өзекті мәселелер шешімін тапты. Қала халқы үшін ең маңызды мәселелердің бірі тұрғын үй құрылысына тартылған инвестиция көлемі 21 млрд 600 млн. теңгені құрады. Бұл жөнінде Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев қала тұрғындары алдындағы есепті кездесуінде хабарлады.

ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ – 21 МЛРД. 600 МЛН. ТЕҢГЕ

 

ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ – 21 МЛРД. 600 МЛН. ТЕҢГЕ

 

2015 жылы Қызылорда қаласы бойынша барлығы 190 мың шаршы метрді құрайтын 2 мың 684 пәтерлік 52 көпқабатты тұрғын үй салынды. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту бағдарламасына сәйкес, соңғы екі жылда республикалық бюджеттен бөлінген 2 млрд. теңгеге 87 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті.

ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ – 21 МЛРД. 600 МЛН. ТЕҢГЕ

 

ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ – 21 МЛРД. 600 МЛН. ТЕҢГЕ

 

Былтырғы жылдың басты жетістіктерінің бірі, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Қызылорда қаласының ауыз су және кәріз жүйелерін кеңейту, қалпына келтірудің 2015 жылға дейінгі» жобасына 3 млрд. 600 млн. теңге көлемінде қаржы бөлініп, 22 дана су бұрғылау ұңғымалары, 22 шақырым су тартқы жүйесі, 3,3 шақырым кәріз су жүйесі, 5 дана су тоғандары қайта жаңғыртылды.
Соңғы үш жылда Қызылорда қаласының ауыз су инфрақұрылымын дамытуға 10 млрд теңгеге жуық қаржы тартылды.
Осы жобаның арқасында халыққа берілетін ауыз су көлемі 39 текше метрден 58,2 текше метрге артып, қала халқы 100 пайыз таза, жер асты ауыз суымен толық қамтамасыз етілді.

 

ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ – 21 МЛРД. 600 МЛН. ТЕҢГЕ

 

Қала халқын көгілдір отынмен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар да кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. 2004 жылдан басталған Қызылорда қаласы халқын табиғи газбен қамтамсыз ету жұмыстарына осы кезең аралығында 15 млрд.теңгеге жуық қаржы бөлініп, 704 көпқабатты тұрғын үй (23 мың 788 пәтер), 28 мың 202 жеке тұрғын үй және 1 мың 21 әлеуметтік, тұрмыстық нысандар газдандырылды. 
Нәтижесінде қаланы газдандыру көрсеткіші 95 пайызға жетті. 
2015 жылы Тасбөгет кенті мен Қызылжарма ауылдық округінде газдандыру жұмыстарына 2 млрд 100 млн. теңге бөлініп, нәтижесінде 115 шақырым газ құбыры тартылып, 4 мыңнан аса тұрғын үйлердегі ауыл халқы көгілдір отынға қол жеткізді.
2015 жылдың тағы бір жағымды жаңалығы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында, Қызылорда қаласында жылумен жабдықтау желілерін қайта жаңғыртуға Ұлттық қор есебінен 3 млрд. 40 млн.теңге бөлінді.
Осы жоба аясында қала бойынша барлығы 160,7 шақырымды құрайтын жылу жүйесінің 22 шақырымы, яғни 7 пайызы қайта жаңғыртылды, 2 насостық станция жаңартылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: