Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда қаласында тазалық айлығы жарияланды

Қызылорда қаласы бойынша үстіміздегі жылдың 14 наурызы-16 мамыр аралығы санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығы жарияланды.
Бұл тұрғыда қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жұртшылыққа үндеу жариялады.
Онда "Тазалық айлығының наурыз айынан басталуында терең мән бар.
Наурыз – жаңару мен жаңғырудың айы. Жыл басы – Наурыз мейрамы қарсаңында қалада көшелерді тазалау, үйлердің қасбетін мерекеге сай безендіру, гүлзарларды, парктерді, аула аумақтарын, басқа да қоғамдық орындарды көгалдандыру, жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. «Ауылын көріп азаматын таны», «Бір тал кессең, он тал ек», - дейді халық даналығы. Қызылорданың көркейіп-көгалдануында, қаланың заманауи үлгіде дамуы мен қала тұрғындары арасында тазалық мәдениетін кеңінен насихаттауда да Сіздердің үлестеріңіз айрықша. Қала – біздің ортақ үйіміз. Бұл идеяны бойына сіңірген әрбір Қызылордалық қала тазалығының да жалпыға ортақ міндет екенін сезінуі тиіс. Себебі заманға сай салтанаты жарасып, жыл сайын жаңарған Сырдың бас шаһарының жаңа келбетін қалыптастыру–барша Қызылордалықтың парызы. Аталмыш екі айлық аясындағы жалпыхалықтық сенбіліктерге Сізді және Сіз басшылық жасайтын мекеме қызметкерлерін бір кісідей жауапкершілікпен қатысуға шақырамын" делінген. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: