Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Үш кәсіпті идірген шаңырақ

Сейдахмет Сарбасов басқаратын шағын цех 2019 жылдан бастап қоршауға арналған тор сетке шығарумен айналысады. Жобаның жалпы құны 5 млн теңге. Қазіргі таңда сетка құрылғысы айына 5 тонна өнім шығаруға қауқарлы. Жеке кәсіпкер әзірге 4 азаматты жұмыспен қамтып отыр. Бүгінгі таңда түскен тапсырыстарға байланысты жұмыстар жүргізуде.


– 2020 жылдан бастап жиһаз өндіру ісін қолға алудамыз. Шағын цехқа 10 млн теңгені құрайтын заманауи құрал-жабдық алдық. Әзірге жұмыс толық басталмады, себебі, жұмыс орнын үлкейтіп, қосымша қызметкерлерді тартамыз. Әзірге ұсыныстар бойнша жұмыс жасаудамыз. Компьютерленген құрылғы сапалы өнім шығарады, әрі уақытты үнемдейді, – деді кәсіп иесі.
Жеңілдетілген несиемен Ресейдің Челябинск қаласынан арнайы автоматтандырылған станок алып, тапсырыс бойынша жұмыс жүріп жатыр. Станоктың өзіне тиесілі стандартталған сымы бар болса, сол бойынша шикізатты Алматыдан алдыртады екен. Биіктігі 50 см-ден 2 метрге дейін, ал ұзындығы 10 метр, яғни бір бумада осындай ұзындыққа дейін тор шығарады. Тапсырысқа қарай мұның бәрі. Күніне 200-250 метр тор дайындалады. Алдағы уақытта цехты үлкейтіп, өнім көлемін арттырғымыз келетінін сөзге тиек етті.
Жаңашылдықты іздейтін Сейдахмет ағамыз қос кәсіптен бөлек балық өсріуді де бастапты. Дариядағы барлық балық шабағын шағын көліне жіберіп, бағып-баптауда. Биыл судың аз болуына байланысты жұмыс баяулапты. Келер жылы кәсіпті кеңейтіп, балық түрін де көбейту барын жеткізді. Ал, қора-жайға қажетті торларға тапсырыс көп екенін оңай аңғардық. Жаңақорған кенті сыртынан салынып жатқан құс шаруашылығының қоршауына да пайдаланған. Ауданнан бөлек, көрші Шиелі, Қызылорда қаласынан тапсырыс жиі беріледі. Өнім бағасы да тордың биіктігіне байланысты. Қос ұлы қос кәсіпті, өзі балық шаруасына дем берген кейіпкеріміздің ісі көпке өнеге болары анық.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: