Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ИННОВАЦИЯЛЫҚ СУАРУ ӘДІСТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ СУАРУ ӘДІСТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫҚызылорда қаласында «Климаттық тәуекелдер және оларды басқару» тренингі өтті. 
Тренинг Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы және «Тұрақты дамуға көмектесу» Орталығы» Қоғамдық Қоры Қазақстанның су әріптестігімен бірлесіп және Ы. Жақаев атындағы күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен ұйымдастырылды. Бұл Тренинг Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросында 2015 жылы ұйымдастырылған, негізгі мақсаты «Климаттық тәуекелдер және оларды басқару» жаңа курсты енгізу және курспен толық таныстыру болды. 
Оқыту бағдарламасы практикалық білім алуға және инновациялық суару әдістерін қатысушыларға таныстыру мақсатында тәжірибелі ауыл шаруашылығы нысанына далалық сапары ұйымдастырылды. Қатысушылардың пікірлері бойынша «Климаттық тәуекелдер және оларды басқару» курсы өте маңызды болып табылады және тұрақты даму мен кедейшілікті жою үшін инновациялық стратегиялар саласында білім сапасын, сондай-ақ, базалық ғылымдарының қуаты дамуын жақсартады. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: