Арал ауданы әкімінің орынбасары Ж.Әлішеваның төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы жастар саясаты және патриоттық тәрбие беру жөніндегі кеңестің кезекті ІІ отырысы өткізілді.
Кеңес отырысына – кеңес мүшелері, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары, жастар ұйымдары, БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде жастар арасында қылмыстың алдын алу барысында атқарылған жұмыстар туралы, Жастар денсаулығын сақтау мен нығайту бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде, Жақсықылыш кентінде жастар саясатының жүзеге асырылу барысы: - NEET санатындағы жастармен атқарылған жұмыстар; - Жастар кәсіпкерлігін дамыту, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар сынды мәселелер қаралды.
Аталған мәселелер бойынша жергілікті полиция қызметінің мектеп инспекторы А.Қалмағамбетов, аудандық орталық ауруханасының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Г.Балмағамбетова, Жақсықылыш кенті әкімінің орынбасары Қ.Жақсыбаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Мерекбаев хабарлама жасап, жиынға қатысушы тараптан қойылған көкейтесті сұрақтарға жауаптар берілді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелерге сәйкес іс-шаралар талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді.