Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Аралда балықшылар слеті өтті

Аралда балықшылар слеті өтті

 

Қамбаш көлінде Арал өңірі балықшыларының І слеті өтті. Талай жылдан бері ұмыт бола бастаған бұл слетке облыстың барлық аймағынан ата кәсіпті тіршілігінің өзегіне айналдырып отырған балықшылар қатысты. Ауқымды шарада шаруалар өзара тәжірибе алмасып, арнайы ұйымдастырылған көрмеде өздерінің талай жылғы еңбектерін таныстыруға мүмкіндік алды.

Слетке облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев және балық шаруашылығымен айналысатын ғалымдар келді.
Алдымен слетке қатысушылар балық шаруашылығының тарихына қатысты жәдігерлер мен балық өнімдерінің көрмесін тамашалады. Мұнан соң театрландырылған көрініс арқылы балықшылардың ерен еңбегі көрсетілді. 1920 жылдардағы Лениннің хаты бойынша Повольжедегі аштыққа көмек көрсету мақсатында Бөген ауылының өзінен 14 вагон балық жіберілді. Осылай кемеліне келген теңіз сексенінші жылдары тартыла бастап, балықшылардың берекесі кеткен. Бұл олқылықтың орны Елбасының бастамасымен қолға алынған «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтау» (САРАТС) жобасының нәтижесінде толуда.
Балық аулау көлемі 2000 жылмен салыстырғанда 20 есеге өсіп, қазіргі таңда жылына 8200 тоннаға жетті. Ондаған балық өңдеу зауыттары салынып, көптеген адам жұмыс жасауда. Бүгінгі күні, Кіші Арал теңізінде ауланатын балықтың көлемі Балхаш көлінің деңгейінен асты. Өзге елге 2012 жылдан бастап балық өнімдері экспорттала бастады. Өткен жылдың өзінде Польша, Германия, Австрия сияқты елдерге құны 4 млн 662 мың АҚШ доллары болатын 715 тонна балық өнімдері экспортталды.
- Балық шаруашылығын қарқынды дамыту үшін, біз Қызылорда облысында балық шарушылығын дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған Жол картасын қабылдадық. Жол картасын қабылдаудағы негізгі мақсатымыз – балық аулау көлемінің табиғи өсуін қамтамасыз етумен қатар, тауарлы балық шаруашылықтарды дамыту, балық өңдеу зауыттарын заманауи технологиялармен жабдықтау және салаға инвестиция тарту болып табылады. Бүгінгі өткізіліп отырған балықшылар слеті еңбек адамдарына деген қолдау. Олардың жаздың ыстығына, қыстың суығына қарамастан жасап жүрген жұмыстарын дәріптеу, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Қазір САРАТС жобасының екінші фазасын жүзеге асыру үшін оның құжаттарын әзірлеу жұмыстары басталып кетті. Жобаның құны - 23,2 млрд. теңге. Бүгінде Үкіметпен бірлесіп, Дүниежүзілік банктің қаражаты есебінен Жобаны іске асыру бойынша келіссөздер жүргізілуде.
Бұл жоба жүзеге асқан жағдайда, Кіші Арал теңізі Арал қаласына 1 шақырымға жақындап, жылына 30 мың тоннаға дейін балық аулап, мыңдаған тұрғындарымыз қосымша жұмыспен қамтамасыз етілетін болады. Негізгі мақсат балық өңдейтін зауыттардың жылдық қуаттылығын 30 мың. тоннаға жеткізіледі.
Шара барысында үздік балықшылар түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Мұнан соң Қамбаш көліне қаяз балығына сақина салынып, суға жіберілді.
 
 

Аралда балықшылар слеті өтті

 

Аралда балықшылар слеті өтті

 


 


 

 

 
 
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: