АРАЛДЫҚ ЖАСТАРҒА «СЕРПІН-2050» БАҒДАРЛАМАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Арал қаласындағы №262 мекиеп-гимназиясында арнайы «Серпін – 2050» Мәңгілік ел жастары - индустрияға атты жиын өтті.
Оған Қызылорда облыстық білім басқарамасының өкілі Бекзат Шәкизатұлы бастаған бір топ «Серпін-2050» бағдарламасына қатысатын 9 аймақтан келген оқу орын өкілдері қатысты. Жиынға аудан түлектері, ұстаздар мен ата-аналар қауымы қамтылды. Жиын барысында әр облыстан келген делегаттар ұсынып отырған оқу орындарын жекелей таныстырып, бөлінген гранттар жөнінде, бағдарламаның орындалу ретін кеңінен түсіндіріп өтті.
Сондай-ақ, жиынға қатысушылар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, мамандық таңдау жөнінде біршама мағлұмат алды. Жиыннан соң, мектеп файесінде әр оқу орындары жекелей жайғасып, бітіруші түлектерге оңаша қабылдау жүргізді.