Жалағаш ауданына қарасты Таң ауылының тұрғыны Ерманова Айгүл "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының" Қызылорда филиалы арқылы мал басын көбейтуге жасы 37-60 ай аралығындағы асыл тұқымды емес 9 бас аналық жылқы малын сатып алды.
Несие мерзімі - 78 ай. Жылдық сыйақысы - 6%.
Жылқы санын арттырып, мал шаруашылығына өз үлесін қоспақ.
Мамандадың айтуынша, Қазақстанда жылқы шаруашылығы асыл тұқымды жылқы өсіру, ет, сүт өндіру, спортта пайдалану бағыттарында дамуда. Қазақстан жағдайында табиғи жайылым отын мейлінше толық пайдалануға негізделген ет, сүт өндіру бағытындағы жылқы шаруашылығын дамыту мүмкіншілігі зор.