Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ АТАНДЫ

АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ АТАНДЫЖеңіс мерекесінде аудан әкімі Абзал Мұхимов Арал ауданының алғашқы әкімі, бірінші сайланымдағы ҚР Парламенті Сенатының депутаты, мәдениет және қоғам қайраткері Биғали Қаюповқа Арал ауданының "Құрметті азаматы" төсбелгісін табыстады.
Биғали Қаюпов 1951 жылы 16 шілдеде дүниеге келген. Орыс тілі пәнінің мұғалімі, экономист, саясаттанушы мамандықтарын алған. Н.В.Гоголь атындағы қызылорда педагогикалық, Алматы халық шаруашылығы институттарын, СОКП ОК жалпықоғамдық ғылымдар академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын Арал ауданындағы мектептерде орыс тілі пәнінің ұалімі болып бастаған. Қазақстан комсомол комитетінің облыстық ұйымында, Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумы төрағасының көмекшісі, Сырдария аудандық халық депутаттары атқару комитетінің төрағасы, Жалағаш аудандық партия комитетінің бірінші хатшыс, Арал ауданының әкімі, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, "Петро Қазақстан" АҚ президентінің бас кеңесшісі қызметтерін атқарды.  Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты болды. Одан кейін Қармақшы, Жалағаш ауданындарында әкім қызметін атқарды. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: