Жалағаш ауданы әкімі аппаратының ғимаратында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі Қ.А. Бисенов азаматтарды қабылдау өткізді.
Қабылдауға ауданның 5 тұрғыны келіп, мемлекеттік қызметті өткеру және жоғары оқу орындарына түсу мәселелеріне қызығушылық білдірді. Мұндай жеке қабылдаулар кестеге сәйкес Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен барлық аудандарда жүргізілетін болады.