Үстіміздегі жылдың 27 қаңтарында кешкі сағат 20.20-де Қызылорда – Жалағаш жол бойында «Туберкулезге қарсы ауруханасының» маңында автобус жолда қалып қойды.
Амалы құрыған жүргізуші ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің кезекшілігіне хабапласып, көмек сұрады. Жасақ құтқарушылары төтенше жағдай орнына жетіп, анықтау барысында ауа райының суытуына байланысты дизель отыны қоюланып қалған және 12 жолаушысы бар екендігін көрді. Барлық жолаушылар Қызылорда қаласына эвакуацияланды. Ешкімге медициналық көмектің қажеті болмады.