Жеңіс күні мерекесі қарсаңында «Қамқор» жастар патриоттық жобасы аясында Қызылорда қаласының Ұлты Отан соғыс және тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді.
Осы орайда облыстық ассамблея хатшылығының басшысы Ляйля Төрешова ардагерлердің отбасында болды.
Қашанда ардагерін ардақтап, қариясын құрметтеген халықпыз. Елбасы әрқашан да Ұлы Отан соғыс және тыл ардагерлерін ұлықтауды ұлы дәстүрге айналдырып, ұрпаққа үлгі етіп келеді.
- Ардагерлерін ардақтай білген елдің рухы үстем, шаңырағы биік. Сіздерге қамқорлық жасау біздің басты парызымыз. Біз тек мереке күндері ғана емес, әрдайым қарияларымыздың әл-ауқаты мен тұрмыс-тіршілігіне назар аударып отыруға тиістіміз, - деген хатшылық басшысы Ляйля Төрешова ардагерлерге мерекелік құрмет көрсетті.
- Ел алғысын алсаң, елеулісі боласың, - деп ардагерлер замандастарының соғыста жасалған ерліктерін толқыныспен жеткізе отырып, жас ұрпаққа - Тәуелсіздігімізді мәңгіге сақтап, Қазақ елін одан әрі дамыта беріңдер - деп ақ батасын берді.
Облыстық ассамблея хатшылығының басшысы: биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген мереке ел дамуының қарышты қадамы, бедел-абыройымыздың асқақтау, әр шаңыраққа шаттық қонған, ұлттар мен ұлыстарды ұйыстырған, ұлттық құндылықтарымыздың қадір-қасиеттері ұлықталуда, - деп жылы лебізге толы құттықтауын арнады.
Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мерей тойында «Қамқор» жастар патриоттық жабасы жарияланған болатын. Жобаның мақсаты – қазақстандық жастардың бойында патриоттық құндылықтар қалыптастырып, Ұлты Отан соғысы ардагерлерінің әл-ауқатын жақсарту мен мемлекет игілігін арттыру жолында әлеуметтік маңызды шараларға жас ұрпақтың күш-қайратын жұмылдыру.
Жоба биыл да өз кезегінде барлық өңірлерде жүзеге асырылуда.