Қызылорда қаласының күніне орай облыс орталығында 25 қыркүйекте ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі. Оған облыс аудандары еңбеккерлері өз тартуын ұсынады.
Қала тұрғындары бұл жерлерден өздеріне қажетті ауыл шаруашылығы өнімдерін алуына мүмкіндігі бар. Өнімдер базар бағасынан біршама төмен. Мұндай жәрмеңке өткізу тұрақты дәстүрге айналған. Осының нәтижесінде тұрғындары қысы-жазы ауыл шаруашылығы өнімдерінен тарықпай келеді.