Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАҚ ЭСТРАДАСЫНЫҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗДАРЫ МЕРЕЙТОЙМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ


Қала күнін мерекелеудің сәні мен сымбаты өнер өлкесінен шыққан қазақ эстрада жұлдыздарымен өтетін кеште екі есе әсерлі болмақ. Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойында эстрада әртістері мерекелік тарту сыйламақ.
Қызылорда кешін әсем әнмен әрлеуге Сыр елінен шыққан белгілі әншілер Құдайберген Бекіш, Бақтияр Тайлақбаев, Дүйсенхан Сыздықов, Жеңіс Сейдоллаұлы, Гүлнұр Оразымбетова, Алмас Кішкенбаев, Серік Ибрагимов келмек. Ал, ел жадында әндері сақталған, ән әлемінің жұлдыздары Қайрат Нұртас, Төреғали Төрәлі, Ерке Есмахан қала қалқына мерекелік қуаныш сыйламақ.
Ал, гала концертті махаббат әндерінің ханшайымы атанған Мадина Садуақасова жүргізеді.
28 қыркүйек күні сағат 20:00-де бастау алатын гала-концертке келіп, сананы серпілтіп, жарық жұлдыздардың белгілі әндерін бірге шырқауға шақырамыз. Әсем әуендері ән әлемінде қалықтаған эстрада жұлдыздары әннен шашу шашып, қонақтарға мерекелік шуақ жағады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: