Қызылордалық полицейлер дүкен егесіне шамамен 1, 5 млн. теңге көлемінде шығын келтірген әккі ұрыны қолға түсірді.
Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың желтоқсан айының 4 күні түскі сағат 12.00 шамасында Арал ауданы, Шижаға елдімекенінің тұрғынынан «102» байланыс телефоны арқылы елдімекен орталығында орналасқан дүкенге ұрлық қылмысына әрекет жасалып жатырғандығы жайлы хабарлама келіп түседі. Аталған хабарлама бойынша оқиға орнына Арал АІІБ-нің жедел-тергеу тобы жіберіліп, жедел түрде 1992 жылы туылған аудан тұрғынын қолға түсіреді. Үй-жайға қарау-жұмыстарын жүргізу барысында, ұрлық қылмысына әрекет пластик терезесін ашып кіру арқылы орын алғандығы белгілі болды.
Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау барысында күдікті азаматтың қатысуымен осы дүкенде 3 ұрлық қылмысы орын алғандығы, нәтижесінде жәбірленушіге 650.000 теңге, 350.000 теңге және 500.000 теңге көлемінде шығын келтірілгені анықталды. Барлық ұрлық қылмыстары үй-жайға пластик терезесі арқылы кіріп, кассадан ақшаны жымқыру нәтижесінде орын алып отырғандығы белгілі болды.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы, 2- бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.