Ақша бопсалады деген күдікпен ұсталған Қазақстанның тумасы танымал балуан болып шықты
Қырғызстанда ақша бопсалады деген күдікпен ұсталған Қазақстанның тумасы Роман Царев грек-рим күресінен Қырғызстан ұлттық құрамасының мүшесі болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Жастар ісі, дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттіктің баспасөз қызметінде мәлімдеді.
Тұтқындалған спортшы республика ұлттық құрамасының құрамынан шығарылды.
"Пара талап еткені үшін ұсталған Роман Царев спортшының этикалық кодексінің 5-бөлімі, 15-тармағы негізінде Қырғыз Республикасының ұлттық құрамасынан шығарылды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, Царев 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орын алып, көрсетілген спорт түрі бойынша Қырғызстан чемпионатының қорытындысы бойынша (2020 жылғы 11-12 қаңтарда Бішкек қаласында) грек-рим күресінен Қырғызстанның ұлттық құрамасының негізгі құрамына кірді.
Еске сала кетейік, жақында Қырғызстанның ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстанның тумасы Р.Ц. мен Қырғызстан азаматы М. А. 380 мың сом (екі миллион теңгеге жуық) бопсалады деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.
Ұсталғандар жәбірленушіні ұрып-соғумен қорқытқаны туралы хабарланды. Ерлер 100 мың сом (500 мың теңгеден астам) мөлшерінде ақша қаражатын алып жатқан кезде қолға түсті.