Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Учаскелік инспекторлардың слеті өтті

Учаскелік инспекторлардың слеті өттіҚызылорда облыстық ішкі істер департаментінде дәстүрлі учаскелік инспекторлардың слеті өтті. Кездесуге облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ғ.Алпысбаев, ішкі істер департаментінің басшылығы, Ардагерлер Кеңесі, департаменттің басқарма және барлық қала, аудандық ішкі істер органдарының басшылары және де учаскелік полиция инспекторлары қатысты.  
Кездесу Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қоғамдық тәртіпті нығайту жөніндегі қосымша шаралар мен ішкі  істер органдарының  учаскелік полиция инспекторларының рөлін арттыру туралы» 2001 жылғы 23 мамырдағы №701 Қаулысы аясында өткізілуде.
Өткізіліп отырған ауқымды іс-шараның мақсаты – халық арасында осы қызметтің және жалпы ішкі істер органдарының беделін, халықтың полицияға деген сенімділігін арттыру, тығыз қарым-қатынасын орнату, ең бастысы әкімшілік аймақта криминогендік жағдайды жақсартып, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.
Кездесу аясында облыс көлемінде учаскелік полиция инспекторларының арасында өткізілген «Үздік учаскелік полиция инспекторы – 2015» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.  
Аталмыш байқау полиция қызметкерлерінің, оның ішінде учаскелік полиция инспекторларының имиджін көтеру мақсатында Қызылорда облысы көлемінде өткізілген болатын.
Облыстық байқауға ерекше көзге түскен 9 қызметкер, оның ішінде 7-уі аудандардан, 2-уі Қызылорда қаласының  ішкі істер басқармасынан қатысты.
Байқау барысында учаскелік полиция инспекторлары спорттық бағдарламадан, Макаров тапаншасын атудан сайысқа түсіп, Қазақстан Республикасы Заңдарынан сынақ тапсырды. Байқау жеңімпазын анықтауда учаскелік полиция инспекторларының әкімшілік аймағындағы орын алған қылмыстар мен жұмыс көрсеткіштері  де ескерілді. Байқау жеңімпазын департамент басшылығынан арнайы құрылған комиссия белгіледі.  «Үздік маман» байқауында Шиелі АІІБ-нің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Жұбаназаров Бақытжан бірінші орынға ие болып, 250 мың теңге ақшалай сыйақымен марапатталды. Осы байқау қорытындысымен екінші орынға ие болған Қызылорда ҚІІБ ӘПБ-нің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Исакаев Қуаныш  150 мың  теңге ақшалай сыйақы берілді. Үшінші орын иегері Қазалы АІІБ ӘПб-нің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны  Байділдаев Ерлан ІІІ дәрежелі диплом  мен 100 мың теңге сыйақы берілді.
Сонымен қатар, кәсіби шеберліктерін көрсеткендері үшін Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың «Құрмет грамотасымен», «Грамоталармен» департаменттің бірқатар қызметкерлері марапатталды.
Кездесу соңында облыстық ішкі істер департаментінің бастығы полиция полковнигі Сүлейменов Жанат Қуанышұлы департамент ұжымының атынан, облыс әкімдігі мен депутаттар корпусына ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасының жылдан-жылға нығайтылуына қолдау жасап келе жатқандығына алғыс білдіріп, халықтың тыныштығын сақтау мақсатында, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда полиция қызметкерлері аянбай қызмет атқаратындығына сенім білдірді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: